Сарапшылар болжамы: Қазақстан жоғары табысты елдер санатына қашан қосылады?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Мас деп ойлап, көмек көрсетпеген: Оралда қария инсульттен көз жұмды

Мас деп ойлап, көмек көрсетпеген: Оралда қария инсульттен көз жұмды
Фото: depositphotos.com

Оралда сот медициналық көмектің уақытылы көрсетілмеуінен қайтыс болған 58 жастағы ер адамның ұлына моральдық зиян өтемақысы ретінде 4 миллион теңге төлеуді қалалық ауруханаға міндеттеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Сот мұндай шешімге іс материалдары мен тексеру нәтижелерін зерделегеннен кейін келген. Тексеру барысында медицина қызметкерлерінің әрекеттерінен заңбұзушылықтар анықталған.

«Орал қаласының №2 соты істі қарау барысында науқастың медициналық көмекке бірнеше рет жүгінгенін, алайда медицина қызметкерлері оның алкогольдік масаң күйде болғанын алға тартып, әр жолы қажетті тексеруден өткізуден бас тартқанын анықтады. Бұл ретте оның ағзасындағы алкоголь мөлшерін анықтайтын зерттеу жүргізілмеген. Тек денсаулық сақтау басқармасының call-орталығына жүгінгеннен кейін науқас терапиялық бөлімге жатқызылып, оған ишемиялық инсульт диагнозы қойылған. Емдеу басталғанына қарамастан, келесі күні науқас қайтыс болды. Аурухана өкілі талап арызды мойындамады. Прокурор талап арызды ішінара қанағаттандыру туралы қорытынды берді», – деді Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі.

Қайтыс болған адамның ұлы сотқа жүгініп, аурухана мен емдеуші дәрігерден моральдық зиян үшін өтемақы өндіріп беруді талап еткен. Оның пікірінше, әкесінің өліміне медицина қызметкерлерінің әрекетсіздігі себеп болған.

Сот талқылауы барысында медициналық мекеме өкілі талап арызды мойындамады. Алайда сот медициналық көмектің уақытылы көрсетілмеуі науқасты өлімге әкелетін жағдайдан аман қалудың нақты мүмкіндігінен айырды деген қорытындыға келді.

Сонымен қатар, сот әкесінің қайтыс болуы талап қоюшыға терең моральдық күйзеліс әкелгенін атап өтті. Ал медицина қызметкерлері тарапынан анықталған заңбұзушылықтар оның әділетсіздік, шарасыздық және эмоционалдық күйзеліс сезімін күшейткен.

Нәтижесінде талап арыз ішінара қанағаттандырылды. Сот ауруханадан қайтыс болған адамның ұлының пайдасына моральдық зиян өтемақысы ретінде 4 миллион теңге өндіріп алды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер