KZNews.kz
Шоу-бизнес

Marvel комикстерін жасаған Стэн Ли қайтыс болды - Кино

KZNEWS

Лос-Анжелесте Marvel комиксінің авторы, жазушы Стэн Ли 95 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды TMZ басылымы оның қызына сілтеме жасап. 

Ли Седарс-Синай медициналық орталығында қайтыс болды, оны үйінен жедел жәрдем алып кеткен. "Әкем барлық жанкүйерін жақсы көрді, ол ұлы, иманды адам еді", - дейді қызы. 

Былтыр Лидің денсаулығы сыр берген. Ол пневмонияға шалдығып, көру қабілетіне байланысты қиындықтар болған. Басылымда жазылған ақпарат бойынша, оның әйелі Джоан 2017 жылы 69 жасында қайтыс болған. 

KZNEWS
Автордың басқа материалдары