Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Марқұм Мұрат Бисенбиннің жаназасында телефонмен видео түсірген актерлер сынға қалды (ВИДЕО)

Марқұм Мұрат Бисенбиннің жаназасында телефонмен видео түсірген актерлер сынға қалды (ВИДЕО)

Қазақстандық актер Мұрат Бисенбиннің ауыр дерт – қатерлі ісіктен қайтыс болғаны туралы хабар қоғамды есеңгіретті, деп хабарлайды kznews.kz.

Марқұмды соңғы сапарға шығарып салу рәсіміне келген әріптестері Жан Байжанов пен Саят Исембаев әлеуметтік желіде жарияланған видеолар мен стористерге байланысты қызу пікірталастың ортасында қалды.

Желіде тараған кадрларда әртістердің жерлеу рәсімі кезінде фото және бейнежазба түсіріп, оны әлеуметтік желіге жариялағаны байқалады. Бұл жағдай қоғамда екі түрлі көзқарас тудырды. Бірқатар қолданушылар мұны заманауи қоғамдағы қалыпты әрекет деп қабылдаса, басым бөлігі мұндай сәтті жариялау этикалық тұрғыдан дұрыс емес екенін алға тартты.

Пікір білдірушілердің айтуынша, қаралы жиын — марқұмға деген құрмет пен сабыр сақталатын ерекше сәт, сондықтан оны көпшілікке көрсету немесе желіге салу жақындарының сезіміне нұқсан келтіруі мүмкін. Олар танымал адамдардың мұндай жағдайда жауапкершілікпен әрекет етуі қажет екенін жеткізді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.