KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Марқұм Мадина Рашидқызының анасы тың деректі айтты

• Қайсар Қанат
Фото: әлеуметтік желіден

Марқұмның анасы журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында қызының тұрмысқа шыққаннан кейін бірнеше рет зорлық-зомбылыққа ұшырағанын айтты.

Оның сөзінше, Мадина күйеуінен таяқ жегенін айтып, бірнеше мәрте төркініне оралған. Алайда жолдасы Мадияр кешірім сұрап, оны қайтадан үйіне алып кетіп отырған.

"Қызым күйеуінің ұратынын айтатын, неше рет қайтып келді. Мадияр сол күні кешірім сұрап, звондайды, сол күні қайтадан кетеді үйіне. "Кетпе, кетпе" десем де, қайтып кететін. Полицияға бір рет шағымданған. Бірақ енесі: "Қызыма, қайын атаң түрмеде жатыр, неге сен үйге полиция әкелесің?" деген. Содан кейін шақырмайтын болған. Мадиярдың әкесі түрмеде. Авария жасап, бір адамды өлтіріп алған. Ол түрмеде болса да, қызым үйге келсе, "Қайт, қайт" деп звондайды. "Атамның сөзі – сөз" дейтін. Өзім әкесіз өстім деп, қатты сыйлайтын", — деп бөлісті марқұмның анасы.

Әйелдің айтуынша, күйеу баласының әкесі адам өліміне әкелген жол апаты үшін бас бостандығынан айырылған. Соған қарамастан, ол түрмеде отырып-ақ келініне хабарласып, күйеуінің үйіне қайтуын талап еткен.

Мадинаның анасы қызының кішкентайынан әкесіз өскенін, сондықтан қайын атасын ерекше құрметтегенін жеткізді. Оның сөзінше, бойжеткен үлкен кісінің айтқанын орындауға тырысып, төркініне келген сайын қайтадан күйеуінің үйіне оралып отырған.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →