Сыртқы сауда айналымы: шикізат пен мұнайға тәуелділік азайған жоқ
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Марқұм Мадина Рашидқызының анасы тың деректі айтты

Марқұм Мадина Рашидқызының анасы тың деректі айтты
Фото: әлеуметтік желіден

Жамбыл облысының Меркі ауданында «Барни» тәттісіне байланысты жанжалдан кейін көз жұмған 19 жастағы Мадина Рашидқызының анасы қызының отбасылық өміріне қатысты бұрын айтылмаған жайттарды жария етті.

Марқұмның анасы журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында қызының тұрмысқа шыққаннан кейін бірнеше рет зорлық-зомбылыққа ұшырағанын айтты.

Оның сөзінше, Мадина күйеуінен таяқ жегенін айтып, бірнеше мәрте төркініне оралған. Алайда жолдасы Мадияр кешірім сұрап, оны қайтадан үйіне алып кетіп отырған.

"Қызым күйеуінің ұратынын айтатын, неше рет қайтып келді. Мадияр сол күні кешірім сұрап, звондайды, сол күні қайтадан кетеді үйіне. "Кетпе, кетпе" десем де, қайтып кететін. Полицияға бір рет шағымданған. Бірақ енесі: "Қызыма, қайын атаң түрмеде жатыр, неге сен үйге полиция әкелесің?" деген. Содан кейін шақырмайтын болған. Мадиярдың әкесі түрмеде. Авария жасап, бір адамды өлтіріп алған. Ол түрмеде болса да, қызым үйге келсе, "Қайт, қайт" деп звондайды. "Атамның сөзі – сөз" дейтін. Өзім әкесіз өстім деп, қатты сыйлайтын", — деп бөлісті марқұмның анасы.

Әйелдің айтуынша, күйеу баласының әкесі адам өліміне әкелген жол апаты үшін бас бостандығынан айырылған. Соған қарамастан, ол түрмеде отырып-ақ келініне хабарласып, күйеуінің үйіне қайтуын талап еткен.

Мадинаның анасы қызының кішкентайынан әкесіз өскенін, сондықтан қайын атасын ерекше құрметтегенін жеткізді. Оның сөзінше, бойжеткен үлкен кісінің айтқанын орындауға тырысып, төркініне келген сайын қайтадан күйеуінің үйіне оралып отырған.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер