Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Марк Цукерберг бір жыл ішінде 20 млрд долларға жуық дәулетінен айырылды

Марк Цукерберг бір жыл ішінде 20 млрд долларға жуық дәулетінен айырылды

2018 жылғы 22 желтоқсан 13:26 405

ЛОНДОН. ҚазАқпарат - Биылғы жыл Марк Цукербергке ауыр тиді. Блумберг агенттігінің дерегінше, ол жыл басынан бері 19,9 млрд доллар қаражатын жоғалтқан, деп xабарлайды СNBC.

Қазіргі таңда оның дәулеті 52,9 миллиард долларды құрап отыр. Цукерберг Блумберг нұсқасы бойынша Миллиардерлер рейтингіндегі ең бай адамдар тізімінде (Boomberg's Billionaires Index) жетінші орында тұр.

Блумбергтің статистикалық деректері бойынша, Цукербергтің дәулеті жыл басында 72.8 миллиард доллар болған, ол жыл басынан бері соның 27.3% жоғалтқан.

Цукерберг 20 миллиард долларынан айырылған, бұл қаржы Tesla бас директоры Илон Масктың дәулетімен бірдей (Блумберг дерегі бойынша, оның байлығы - 23.4 миллиард доллар).

2018 жылдың 25 шілдесінде Цукербергтің дәулеті 86,5 миллиардқа жеткен болатын.

Қазіргі таңда осы жылды шығынмен аяқтап жатқан миллиардерлер аз емес. Мысалы, 20 желтоқсанда Билл Гейтстің қаржысы 1.6 миллиард долларға қысқарған.

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz
Автор
Арман