"АвтоЦОНдағы" жемқорлық: мемлекеттік корпорацияның мұнысы несі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Марғұлан Сейсембай БАӘ-нің алтын визасын алды

Марғұлан Сейсембай БАӘ-нің алтын визасын алды

Танымал қазақстандық кәсіпкер әрі инвестор Марғұлан Сейсембаев Біріккен Араб Әмірліктерінің алтын таланттар визасын алды, деп хабарлайды kznews.kz.

Кәсіпкер бұл туралы Threads парақшасында бөлісті.

“Дубайға ұшып келдім, мұнда мені жағымды сыйлық күтіп тұр екен. Бұл – БАӘ үкіметі ұсынған алтын таланттар визасы”, – деп жазды ол.

Әдетте мұндай алтын виза түрлі саладағы дарынды мамандарға, кәсіпкерлер мен көшбасшыларға беріледі.

Айта кетейік, Марғұлан Сейсембай – Asadel Partners PEF Pte Ltd. компаниясының басқарушы серіктесі. Осы компания арқылы Алматыдағы Tamos жеке мектебіне иелік ететін “Tamos Education” ЖШС-нің үлесіне ие. Сондай-ақ жұбайымен бірге Seimar Ltd. және Agros Ltd. арқылы “Алель Агро” АҚ-ның 42% үлесін, “Уыз Май Индастри” ЖШС, “Агро Фит Қапшағай” ЖШС және басқа да компаниялардағы үлестерді иеленеді. Бұл жобалардағы серіктесі – Ғалымжан Есенов (№42).

Сонымен қатар ол Haileybury Almaty мектебінің акционері, авторлық білім беру бизнес-курстары мен бизнес-клубтың негізін қалаушы, сондай-ақ жеке YouTube арнасын жүргізеді.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.