KZNews.kz
Қоғам

Маралтай деген итті атып тастау керек - Берік Жүсіп

Азамат Қойшығара
Әлеуметтік желідегі парақшасынан

Фольклортанушы ғалым, эпикалық жыршы Берік Жүсіп әлеуметтік желідегі соңғы дауға қатысты үн қосты. Ол жағымпаз ақын-жазушылардың қатарында есімі жиі аталатын Маралтай Райымбекұлы тіралы пікірін білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Автордың жазбасын оқырман назарына сол күйінде ұсынғанды жөн көрдік:

Түсіндім. Төменде мазмұнын, эмоциясын, бағалауын өзгертпей, тек грамматикалық, орфографиялық және пунктуациялық қателері түзетілген, сөйлем құрылысы сәл реттелген нұсқасын беріп отырмын. Ешбір сөз қысқартылған не жұмсартылған жоқ.

Негізі, мына Маралтай деген «дорақты» бұралқы ит сияқты, халықтың алдына алып шығып, сотсыз, тергеусіз атып тастау керек. Және бұл «игі жұмысты» тым кешеуілдетпегенің дұрыс, Қазақия! Онсыз да біздің қоғамға ақын, жазушы, ғалымнан келетін пайда жоқ екенін, бұлардың бәрі елдің үстінен күн көрген «тіленші» екенін жазып жатыр ғой, ақпайтын жерлерінен миы ағып жүрген «ақылмандар».

Сөйтіңдер, құртыңдар бәрін, аямаңдар. Мысықтың тасындай, таздың басындай етіп жалтыратып, тазартып тастаңдар айналаны. Шықсын сосын бастарыңа дағарадай мүйіз.

Мына «оңбаған, жағымпаз ақын» жайында біраздан бері айтылып жүрген, кейінгі кезде жазылып жатқан түрлі құсықтарды оқып алып, мен де осындай ойға тоқтам жасадым. Әлде әкесін, яғни Райымбек шалды танытып, көзіне боққа қонған көк шыбынды үймелетіп, қаматып жіберген дұрыс па екен? Негізі, жазаның осысы қолайлы сияқты, ә?

Түрмеде, қол-аяғы шынжыр-бұғауда жүргенін бір көрсек, асыл арманымызға жетпейміз бе? Жетеміз, әрине жетеміз! Сен де жетесің, сендер де жетесіңдер, ойбайшылар.

Аямау керек ондай, әкімдермен ғана суретке түскіш, суретінде су болғыр «оңбағанды», билік басындағылармен бірге жүргіш «подлецті», Президентке ода арнаған «подоноктарды». Оның жайы мен жолын осы желіде отырып алып, желдей ескіштер ойланып шешіп, өздері бір жағына шығара жатар. Бірақ атылғаны туралы хабарды айтуды ұмытпаңдар. Топырақ салуымыз керек қой, барып.

Сол кезде сендерге арнап айтатын қысқа қайырым сөзім бар. Мына қазақ деген халықтың маңдайына біткендігінің, жиырма жасында бар биікті иеленіп, поэзия әлемінде жаңалық ашқанының өзі сорының қалыңдығынан ғой бұл қара қасқаның. Баяғы 37-жыл да емес, үстінен домалақ арыз жаза салып, қаңғытып, итжеккенге айдатып жібере қоятын сволышты.

Сөйтсе ғана жетеді бұл қазақ оның қадір-қасиетіне, кім-кімнің де көтінің қышуы сонда ғана қанады! Бұл оңбағанның төрт қатын алған Дон Жуан, одан пәленбай бала туғызған Распутин екенін неге айтпайсыңдар? Аямаңдар, сендерге керегі сол ғой.

Сондайды айтыңдар, тепкілеңдер, сойыңдар, пышақтаңдар, қиқалаңдар. Сол төрт қатыннан туған пәленбай бала-шағаны қалай бағып-қағып отырғанын да қаперден қалыс қалдырмаңдар.

Кейінгі кезде маған да ұнамай жүр бұл оңбаған. Баяғыда айттым: «Әй, мәжігүн, енді дарға асылып өлмесең, бұл қазақ сенің тірі жүргеніңді кешпейді», – деп. Айтқанды қылмайды ғой, сәбәкі.

Жаны тәтті ме, білмеймін, не бітіріп, қыртып жүргенін, көзге күйік болып. Жан-жағынан теуіп, ұрып, тістеп жатқанда да мыңқ етпейтін, ұрған сайын семіре беретін бұл борсықты алаңға шығарып, өртеу керек.

Заң орындары, Үкімет, Президент қайда қарап отыр, осындайлармен күреспей?

…Негізі, қазір екеуміз терлеп-тепшіп шай ішіп отырмыз, біздің үйде. Шайын ішсін болсын, сосын қаңғытып жіберемін бұл поэтсымақты. Әй, Маралтай, сен өзі мені қолдайсың ба, жоқ па? Негізі, дұрыс айтып отырған жоқпын ба?

Олай болса, жауап бер, жаныңның барында, жалмауыз! Десем бола ма, жеті атадан бері келе жатқан кектерің қайта ма сонда?! Қайтса – сол, осы оңбағанда кеткен ақыларыңды бір алып бердім-ау, әйтеуір…

Егер қаласаң, келесі қадамда:

тек емле нормасына толық сәйкестендіріп (әдеби редакция),

немесе әлеуметтік желі форматына (абзац қысқарту, ырғақ беру),

не публицистикалық стильге түсіріп беруге болады.

Азамат Қойшығара
Автордың басқа материалдары