KZNews.kz
Шоу-бизнес

Мақтааралда су басқан аймақтарда 6,2 млн текше метрден астам су сорылды - Қазақстан жаңалықтары

KZNEWS

Мақтааралда су сору жұмыстары арқылы бір тәулік ішінде су басқан аймақ 1100 га азайып, 3100 га құрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар Нұрлыжол, Фирдоуси, Өргебас, Достық және Жеңіс елді мекендерінде су басқан 1​030 үйден су сорып шығарылды.

56 аула және бау-бақша учаскесі су астында қалып отыр. Төтенше жағдай салдарын жою жұмысы тәулік бойы жүріп жатыр. Оған ІІМ, ҚМ, ЖАО және Өзбекстан ТЖМ күш-құралдарын қосқанда, барлығы 1475 адам, 219 техника, 13 жүзу құралы, 207 мотопомпа жұмылдырылған.

Қазіргі таңда 6,2 млн текше метрден астам су сорылды. Ұзындығы 22 шақырым болатын уақытша бөгет салынды. 87 мыңнан астам құм қабы төселді және су бұру үшін 3 коллектор орнатылды.


stan.kz
KZNEWS
Автордың басқа материалдары