Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Мақпал Жүнісова не себептен ерте балалы болмағанын айтты

Мақпал Жүнісова не себептен ерте балалы болмағанын айтты

Әнші кездесіп жүрген жігітінің басқа қызға үйленіп кетіп, сол ғашықтық дертімен 4-5 жыл уақытын бос өткізіп алғанын айтты.

Танымал әнші Мақпал Жүнісова өзінің не себептен ерте балалы бола алмағанын айтты. Көпбалалы отбасынан шыққан ол жалғыз қызы Мерейді кеш босанған. Денсаулығына аса күтіммен қарайтын Мақпал Жүнісова бұл жайында «Астана» арнасындағы «Сырласу» бағдарламасында айтып берді, деп жазады sn.kz.

«Менің денсаулығым онша жақсы болған жоқ. Оның алдында бір-екі балам түсіп қалды. Бірнеше рет ота жасаттым. Осындай қиындықтардан өттім. Тұрмысқа өте кеш шықтым. Зәкең мені 26 жасымда қағып алып әкетті. Ол уақытқа дейін еш тұрмыста болмадым. Тоғыз жыл жатақханада тұрдым. Төрт қыз бір бөлмеде жаттық. Құдайға шүкір, әп-әдемі қыз болдық. Талай жігіт жүрегін ұстап, ғашықпын дегендері болды. Бірақ біз ол кезде айына 60 концерт беретінбіз. Былайша айтқанда, үкіметке жұмыс істеп, уақытымызды өткізіп алдық», – дейді Мақпал Жүнісова.

Сондай-ақ, әнші кездесіп жүрген жігітінің басқа қызға үйленіп кетіп, сол ғашықтық дертімен 4-5 жыл уақытын бос өткізіп алғанын айтты.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/
Автор
Бауыржан