Қоғам

“Мәншүк пен Әлияның рухына құрметсіздік”: Жайдарманның шектен шыққан әзілі жаға ұстатты (ВИДЕО)

“Мәншүк пен Әлияның рухына құрметсіздік”: Жайдарманның шектен шыққан әзілі жаға ұстатты (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желілерде Jaidarman Show бағдарламасындағы бір көрініс үлкен дау тудырды, деп хабарлайды kznews.kz.

Желіде тараған бейнежазбада өлім аузындағы Әлия Молдағұлова мен оның қолын ұстап отырған Мәншүк Мәметова көрсетілген. Көпшілік бұл сахнаны қос батыр қыздың рухына көрсетілген құрметсіздік деп бағалап, қатты сынға алды.

Адвокат Мейірман Шекеев те роликті өткір сынға алып, оны “арзан күлкі” деп атады. Оның айтуынша, мұндай мазмұнның эфирге шығуы — ұлттық идеологияның әлсіздігін көрсетеді. Ол БАҚ-ты қадағалайтын органдардың әрекетсіздігі қоғамда жауапкершіліктің төмендеуіне әкеп соғып жатқанын атап өтті.

“Ұрпағымыздың санасын улап, болашағымызды бұлыңғыр етіп жатыр. Осы жағдай жалғаса берсе, елдің тұтастығына да қауіп төнеді”, – деді ол.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz