Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Маңғыстауда жаңа жылдан бастап коммуналдық қызметтер арзандайды

Маңғыстауда жаңа жылдан бастап коммуналдық қызметтер арзандайды

Облыс әкімдігінің аппараттық жиынында коммуналдық қызмет көрсету тарифтерін төмендету мәселелері туралы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі бастығының міндетін атқарушы Жандос Сәлімов баяндады. «2019 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды тұлғалар үшін, атап айтқанда «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» электр станциясы үшін газ тарифі қосымша 10 пайызға төмендейді. Электр энергиясын өндіру - ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның газ тарифін 10% -ға төмендетуіне байланысты, «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-нің электр энергиясының тарифі 19%-ға арзандап, облыстағы 671,3 мың тұрғынын қамтиды», - дейді Ж.Сәлімов.

«МЭБК» ЖШС тұрғындар ұшін берілетін электр энергиясының тарифі 50% және өңірлік МКК үшін 13%-ға төмендемек. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап электр қуатының тарифі 18%-ға төмендегеннің арқасында «Каспий су тұщыту зауыты» ЖШС-нің өндіретін ауыз судың тарифі 7,0%-ға төмендейді, яғни 150 мың адамды қамтитын болады. Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, жылу энергиясын жеткізу бойынша - 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап жылу энергиясына тариф 3% -ға, ыстық сумен жабдықтау ыстық суға тариф 5,3%-ға төмендейді деп күтілуде.

«Қамшы» сілтейді

Автор
Жандос