Көмірге көңіл ауды: кен өндіру 128,9 млн тоннаға жетпек
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Маңғыстауда жерасты мешітіне белгісіз біреу пластик терезе орнатып кеткен

Маңғыстауда жерасты мешітіне белгісіз біреу пластик терезе орнатып кеткен
Фото: Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы

Маңғыстаудағы ХІХ ғасырдан қалған Қапам ата жерасты мешітіне белгісіз адамдар зиян келтірген. Бұл туралы Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.
Таушық ауылынан 22 шақырым жерде орналасқан нысан тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын ала есеп тізіміне енгізілген. Жартасты мешіт жұмсақ тау жынысын қашау арқылы салынған.

2025 жылдың шілдесінде жүргізілген тарихи-мәдени сараптама кезінде мешіттің тарихи маңызы расталып, нысан бастапқы қалпында болған. Алайда сол жылдың желтоқсанында белгісіз адамдар мешіттің келбетін өзгертіп, пластик есік-терезе орнатқан.

Қорық өкілдері бұл әрекет «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» заң талаптарына қайшы екенін айтты. Осыған байланысты аудан әкімдігі мен полицияға хат жолданған.

Дегенмен арада жарты жыл өтсе де, ескерткіш әлі қалпына келтірілмеген. Мамандардың айтуынша, тарихи нысанға келтірілген залалды оны өзгерткен адамдар өтеуі тиіс. Бірақ кінәлілер әзірге анықталмаған.

Заңға сәйкес, мұндай құқық бұзушылық үшін 10 АЕК-тен 200 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.