Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Маңғыстауда Мұнайлы ауданының 5 ауылына жаңа атау берілді

Маңғыстауда Мұнайлы ауданының 5 ауылына жаңа атау берілді

Маңғыстауда облысындағы өлкемен аттас бір аудан мен бірнеше ауылдың бар екендігі, олардың атауын өзгерту туралы мәселе бұған дейін бірнеше рет көтерілген. Осы мәселе шешімін тауып, Мұнайлы ауданындағы «Маңғыстау» атты 5 ауылдың атауы өзгерді, — деп хабарлайды qamshy.kz порталы mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Мұнайлы ауданы әкімдігінің хабарлауынша, ауылдардың атауы Маңғыстау облыстық ономастика комиссиясының шешімімен ауылдарға төмендегідей атаулар берілген: Маңғыстау 1 – Ақ еспе; Маңғыстау 2 – Бозжыра; Маңғыстау 3 – Айрақты; Маңғыстау 4 – Шерқала; Маңғыстау 5 – Бесшоқы.

Естеріңізге сала кетейік, ауылдардың атауының қайталанатыны Маңғыстау облысы әкімінің тұрғындармен есептік кездесуінде де көтеріліп, Мұнайлыдағы Маңғыстау-1,2,3,4,5 ауылдарының атауын өзгертіп, белгілі тұлғалардың атын беруді ұсынған еді. Сол кезде Мұнайлы ауданының әкімі қызметін атқарған Н. Тәжібаев онамастика комисииясына «Ақеспе», «Бозжыра» секілді жер-су атаулары ұсынылғанын айтқан болатын.

«Қамшы» сілтейді

Автор
Әлихан