Жантілек Нұртілепұлы «Qazaqstan Barysy – 2026» жеңімпазы атанды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Маңғыстауда мұғалімді дәретханаға барғаны үшін жұмыстан қуған

Маңғыстауда мұғалімді дәретханаға барғаны үшін жұмыстан қуған
Коллаж Democrat.kz

Танымал белсенді педагог Айман Сағидулла өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында маңғыстаулық мұғалімнің басынан өткен масқара жағдай туралы жазба жариялады, деп хабарлайды kznews.kz Democrat.kz сайтына сілтеме жасап.

"Қазір ғана масқара жағдай естідім. Жазбауға шыдай алмадым. Нақты мәлімет сұрап отырмын. Келсе, жариялаймын.

Маңғыстауда бір мұғалімді педкеңес кезінде дәретханаға барғаны үшін жұмыстан шығарыпты. Қазір сот жүріп жатыр.

Мектептің ішкі ережесіне сәйкес. Директордың қолшоқпардары, әдеп кеңесі қосымша болыпты.

Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова ханым! Мен жазбасам да тауып ала аласыз.

Себебі, дәл бүгін, дәл қазір сот болып жатыр. Нақты мәлімет.

Мұғалімнің дәретханаға кірген, ешқайда бұрылмай педкеңеске қайта оралған видеосы да бар.

Осындай директорларды мектепте ұстаудың қажеті бар ма?

Дәретхана биологиялық қажеттілік. Оған кім қарсы шыға алады? Жай ғана айтарға сөзім жоқ.

Енді дәретхананы да заңға қосуымыз керек пе? Ұят тірлік мынау.

Жұлдыз ханым! Мына мәселені анықтап , директорды жұмыстан шығарыңыздар.

Егер мәлімет келсе, мен жариялайтын боламын.

Мен тек шын мәліметті жариялаймын. Бұл ешқандай жалған ақпарат емес. Тек құжаттарын күтіп отырмын. Солар келсе, қайта жариялаймын", -деп жазды Айман Сағидулла. 

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.