KZNEWS.KZ
Қоғам

Маңғыстауда қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

• Асқар Алтайұлы
Фото: akorda.kz

Ақорданың хабарлауынша, әскери қызметшілер әскери борышын атқару кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін наградталған, деп хабарлайды kznews.kz.

29011 әскери бөлімі взводының командирі Олжас Мұхтарұлы Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.

Рахымжан Қошқарбаев атындағы ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен 13 әскери қызметші марапатталды:

Аяпберген Сержан Талғатұлы – бөлімше командирі;

Бегей Дастан Нұрболұлы – аға матрос (аға атқыш);

Бердіханов Мейрамбек Ермұханұлы – бөлімше командирі;

Гилаж Ақжайық Болатбекұлы – матрос (граната атқыш);

Ғұмаров Мансұр Айтбайұлы – бөлімше командирі;

Диханбаев Олжас Тәжібайұлы – бөлімше командирі;

Жаңабай Әсет Саматұлы – маман (көздеуші);

Көбенов Алмас Жүсіпұлы – матрос (граната атқыш);

Мәдіхан Азамат Болатбекұлы – матрос (граната атқыштың көмекшісі);

Өмірзақ Өмірбек Өмірболатұлы – матрос (граната атқыш);

Темірғалиев Жеңіс Тілеуішұлы – матрос (оқшашар атқыштың көмекшісі);

Төлеген Ақылбек Қабденұлы – аға матрос (аға атқыш);

Тұрдыбекұлы Мирас – матрос (атқыш).

Асқар Алтайұлы
Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.
Автордың басқа материалдары →