Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Маңғыстауда бір кеште көлік мен мопед өртенді

Маңғыстауда бір кеште көлік мен мопед өртенді

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, алғашқы оқиға 2 қыркүйек күні сағат 18:36-да Мұнайлы ауданына қарасты Басқұдық ауылында тіркелген. 

Ұлан көшесіндегі №20 үйдің қасынан Mitsubishi маркалы жеңіл көлік отқа оранған. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан көлік өртенген сәтте жарылысқа ұқсас дыбыстардың шыққаны байқалады. Жанында жүрген ер адам ауладан су шлангісін әкеліп, өрт сөндірушілер келгенше жалынды ауыздықтауға тырысқан. Қайғылы жағдайдың алдын алып, ешкім зардап шеккен жоқ.

Сол күні кешкі сағат 20:46-да Ақтаудың 19-шағынауданында тағы бір өрт туралы хабар түскен. №40 үйдің артында тұрған мопед кенеттен тұтанып кеткен. Қасында бірнеше автокөлік тұрғанымен, олар аман қалған. Өрт сөндірушілер келген сәтте мопед толық жанып кеткені белгілі болды. Абырой болғанда, жалын өздігінен өшкен.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.