Шикізат шырмауынан шығуға жанталас: агроөнеркәсіп кешенінің дамуына не кедергі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Маңғыстау облысында мектептің шатыры опырылып түсті

Маңғыстау облысында мектептің шатыры опырылып түсті
Фото: видеоскрин

Оқиға 23 шілдеде таңғы сағат 6:00 шамасында болған. Қираған кезде ғимаратта ешкім болмаған. Зардап шеккендер жоқ. Мәліметке сәйкес, опырылып түскен аумақ 250 шаршы метр болған.

Қарақия ауданы әкімдігінің мәліметінше, мектеп ғимараты 2009 жылы салынып, пайдалануға берілген. Қазір мұнда 1200-ден аса бала білім алады екен.

“Қазір оқиға орнына арнайы сарапшылар шақырылып, қажет тексерулер мен сараптамалар жүргізіліп жатыр. Бұл жағдай бойынша арнайы комиссия құрылды.  Бағалау нәтижелері мен алдағы жөндеу жұмыстары туралы толығырақ ақпарат кейінірек жарияланады”, – делінген хабарламада. 

Ал облыс әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергенов комиссиямен бірге оқиға орнына жүр екен. 

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.