Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Түнгі үште көңілдесін таппай, оның 10 жасар қызын зорлап кеткен

Түнгі үште көңілдесін таппай, оның 10 жасар қызын зорлап кеткен

Маңғыстау облысында 37 жастағы педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Жабық сот отырысында айыпталушының кінәсі толық дәлелденген, деп хабарлайды КТК арнасы.

Жұртты дүрліктірген оқиға былтыр мамыр айында болған. Ішімдікке сылқия тойып алған азамат түнгі үште көңілдесіне барады. Бірақ жалғызбасты әйелдің үйінде тек 10 жастағы қызы болған.

Азғын ешкім жоқтығын пайдаланып қорғансыз қызды ұрып-соғып, зорлап кеткен. Сотта қылмысы толық дәлелденіпті.

Сондықтан судья қылмыстың ауырлығы мен қоғамға қауіптілігін ескере отырып, педофилді өмір бойына бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

"Аталған қылмыстық іс ауыр санатқа жататындықтан және қоғамға қауіптілігі ескеріліп, сот үкімімен сотталушы аталған баптармен кінәлі деп танылып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ", — деді Гаухар Нұрханова, Маңғыстау облыстық сотының баспасөз хатшысы.

Автор
Данияр