Әкім форумдар мен ресми іс-шараларда қонақтарды есік алдында домбырамен қарсы алу дәстүрін сынға алды. Оның сөзінше, өнерпаздарға еңбекақы төлеп, арнайы шақыру арқылы құрмет көрсету орынды, бірақ мемлекеттік маңызы бар шараларда табалдырықта домбыра тартқызу – ұлттық мұраға жасалған құрметсіздік.
– Мен жүрген жерде мына жігіттер отырмасын. Бұлардың орны – қасиетті сахна. Қара домбыраның төрі – сахна. Ал біз есіктің алдына қойып қоямыз. Кім осылай домбыра тарта алады? Ешкім тарта алмайды. Жігіттерді есік алдына отырғызбаңдар, – деді Нұрдәулет Қилыбай.