KZNews.kz
Шоу-бизнес

“Мәңгілік махаббат” әнін жүрегіммен Мақпалға арнадым - Алтынбек Қорзабаев

Ayzhan Sylanova
Фото: ашық дереккөз

Композитор, әнші, Қазақстанның халық әртісі Алтынбек Қоразбаев «Мәңгілік махаббат» әнінің жазылу тарихына қатысты тың мәліметпен бөлісті. Оның айтуынша, бұл әнді ол арнайы Мақпал Жүнісоваға арнап жазған, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер тарланының сөзінше, Мақпал Жүнісованы алғаш Жамбыл облыстық филармония директоры болып жүрген кезінде, «Гүлдер-ай» ансамблімен бірге келген сапарында көрген. Сол кезден бастап жас әншінің дауыс күші мен орындаушылық шеберлігіне ерекше тәнті болғанын айтады.

«Мақпал — халықтың сүйікті әншісі. Оған қызықпаған адам кемде-кем. Мен ең алдымен оның жанға жағымды үнін ұнаттым. Көп әнімді Мақпал орындады. «Сағындым Алматымды», «Сағыныш саздары», «Сары жайлау» — бәрі де Мақпалдың даусымен жүрекке жетті. Ал «Мәңгілік махаббатты» шынымен де Мақпалға арнап жаздым. Әннің ішінде оның аты аталмайды, бірақ жүрегімде осы шығарманы дәл Мақпалға бағыттап шығарғанымды білемін. Ол әнді керемет орындады. Мақпал — біртуар әнші, көп дүние оған жарасып тұрады», — деді Алтынбек Қоразбаев КешREC жобасына берген сұхбатында.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары