МӘМС жүйесінде 4 млрд теңге, жекеменшік мектептерден 8 млрд теңге үнемделді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

МӘМС жүйесінде 4 млрд теңге, жекеменшік мектептерден 8 млрд теңге үнемделді

МӘМС жүйесінде 4 млрд теңге, жекеменшік мектептерден 8 млрд теңге үнемделді
Фото: primeminister.kz

Қазақстанда бюджет қаражатын тиімді пайдалану үшін цифрлық бақылау тетіктері күшейтіліп жатыр. Үкіметтің мәліметінше, жаңа жүйелер негізсіз төлемдерді алдын ала анықтап, бюджет шығынын азайтуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды kznews.kz.

МӘМС жүйесінде 4 млрд теңгеден астам негізсіз төлемнің алдын алған

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі антифрод-тетіктер медициналық ұйымдарға ақша аударылғанға дейін 4 млрд теңгеден астам сомадағы сәйкессіздіктерді анықтаған.

Бұған дейін төлемдер көбіне қаражат аударылғаннан кейін тексерілсе, қазір заңбұзушылықтарды алдын ала анықтауға басымдық беріліп отыр.

Астанада медициналық қызметтерді қаржыландыруды цифрландыру үшін Qalqan платформасы пилоттық режимде іске қосылды. Қазір жүйе 207 клиникада сынақтан өтіп жатыр. Оның көмегімен медициналық көмектің 20 түрі бойынша төлем жүргізілуде, тағы 60 түрі сынақтан өтуде.

Сонымен қатар пациенттер eGov Mobile арқылы QR-кодпен медициналық ұйымға барғанын растай алады. Алдағы уақытта азаматтарға өз атына көрсетілген және төленген медициналық қызметтер туралы ақпарат беретін электрондық қаржылық паспорт енгізу жоспарланған.

Жекеменшік мектептерге төлемнен 8 млрд теңге үнемделді

Бюджетті цифрлық бақылау білім беру саласында да енгізілді. 2025 жылдың күзінде жекеменшік мектептерді жан басына шаққандағы қаржыландыруды автоматтандыратын OrtaBilim сервисі іске қосылды.

Жүйе оқушылар санын мемлекеттік дерекқорлар арқылы тексеріп, қаржыландыру көлемін автоматты түрде есептейді. Бұл қолмен есептеуді және субъективті шешімдерді азайтуға мүмкіндік берді.

Нәтижесінде 2025 жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында бюджет 8 млрд теңге үнемдеген. Қазір жүйеде 899 жекеменшік мектеп цифрландырылған.

Сонымен бірге, тексеру барысында білім беру мақсатында пайдалануға арналмаған ғимараттарда орналасқан 145 жекеменшік мектеп анықталған. Бұл нысандар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысының жалпы көлемі 38 млрд теңгені құрайды.

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап ғимараты білім беру талаптарына сәйкес келмейтін жекеменшік мектептерге мемлекеттік тапсырыс беру тоқтатылады.

Үкіметтің хабарлауынша, цифрландырудың мақсаты – әлеуметтік саладағы қаржыландыруды қысқарту емес, бюджет қаражатының нақты көрсетілген қызметтерге жұмсалуын қамтамасыз ету.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі