"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Мамин ТМД премьер-министрлерінің отырысына қатысады

Мамин ТМД премьер-министрлерінің отырысына қатысады

Саясат

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

ТМД елдерінің үкімет басшылары кеңесінің отырысы 31 мамырда Ашхабадта болады

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр — Sputnik. Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин ТМД үкіметтерінің басшылары кеңесінің отырысына қатысады, деп хабарлады primeminister.kz.

"2019 жылғы 31 мамырда Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Мамин Түркіменстан астанасы Ашхабадта Тәуелсіз мемлекеттер достастығы премьер-министрлері кеңесінің отырысына қатысады", - делінген хабарламада.

ТМД-ға мүше елдер үкіметтерінің басшылары достастықтағы өзара экономикалық іс-қимылдың өзекті проблемаларын талқылайды, ғылым мен инновациялар, кедендік бақылау, зияткерлік меншік нысандарына құқықты қорғау және басқа салалардағы ынтымақтастық тетіктерін қарастырады.

Тағы оқыңыз: Әрбір адам жұмысқа орналасатынына сенімді болуы тиіс - Мамин

Отырыста бірқатар құжатқа қол қою жоспарланған.


sputniknews.kz
Автор
Бауыржан