KZNEWS.KZ
Қоғам

«Мама, мама»: Каспийдегі трагедиядан аман қалған сарбаз анасымен жылап көрісті (ВИДЕО)

• Айгерім Асылова
фото: ашық дереккөз

Маңғыстау облысында Каспий теңізіндегі трагедиядан аман қалған сарбаз әскерден оралып, анасымен жылап көрісті, деп хабарлайды kznews.kz

Сарбазды теміржол вокзалынан жақындары мен дос-жарандары күтіп алды. Қолына гүл ұстаған сарбаз қалың топтың ортасынан анасын тауып қауышты.

Айта кетейік, Каспий теңізінде оқу-жаттығу барысында 14 сарбаз қаза тапқан. Жуырда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысындағы 14 әскеридің қазасына байланысты тағы да шұғыл жиын өткізіп, арнайы құрылған комиссияның алғашқы есебін тыңдаған.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →