Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Диас Нұрақын әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Оның айтуынша, Мақсат Толықбай енді Алматы облысының дамуына қатысты жұмыстарға атсалысады. Диас Нұрақын экс-депутаттың Мәжілісте жүрген кезінде де өңірдегі бірқатар мәселені көтеріп жүргенін атап өткен.
"Мақсат Мәлікұлына сәттілік! Алматы облысындағы қызметі абыройлы болсын!" – деп жазды ол.
Мақсат Толықбай бұған дейін тележурналистика саласында қызмет атқарып, Qazaqstan ұлттық телеарнасындағы "Ashyq alań" бағдарламасын жүргізген. Ол сондай-ақ Президент жанындағы Ұлттық құрылтай құрамында болған.
2023 жылдан бастап Мақсат Толықбай Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты қызметін атқарды.