Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Макрон Путинмен келіссөзді алдағы апталарда өткізбек

Макрон Путинмен келіссөзді алдағы апталарда өткізбек
Фото: ТАСС

Франция президенті Эмманюэль Макрон Ресей көшбасшысы Владимир Путинмен мүмкіндігінше тезірек әңгімелесуге ниетті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.

— Барлығы қысқа мерзімде ұйымдастырылуы керек. Қазіргі уақытта байланыс қалпына келтіріліп жатыр, ол алдағы апталарда болуы керек, — деді ол France 2 телеарнасына берген сұхбатында.
Макрон диалогтың «мүмкіндігінше тезірек» өтуі керек екенін атап өтті.

Телеарна тілшісі Макронның Путинмен сөйлесу пайдалы болатыны туралы жақында айтқан мәлімдемесін еске салып, бұл мәселеде ілгерілеушілік бар ма деп сұрады.

Бұған дейін РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров егер Макрон сөйлесуге дайын болса, Ресей әрқашан диалогқа ашық екенін мәлімдеген болатын. РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей мен Франция көшбасшылары арасында диалог туралы ұсыныстар түскен жағдайда Кремль хабарлайтынын атап өтті.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Франция мен Ұлыбритания Украина аумағында атысты толық тоқтатқаннан кейін өз әскерлерін орналастыру ниетін растады. Бұл шешім «Батылдар коалициясы» мен АҚШ ұсынған қауіпсіздік кепілдіктері пакеті аясында қабылданып отыр және Ресей тарапынан болашақта қайта шабуыл жасау қаупінің алдын алуға бағытталған. 

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.