KZNews.kz
Әлем

Макгрегор Ирландия президентіне үміткерліктен бас тартты

Ayzhan Sylanova
Фото: ашықдереккөз

Бұл туралы ол Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.

«Көп ойланып, отбасыммен ақылдаса келе, президенттікке үміткерлігімді қайтарып алу жөнінде шешім қабылдадым. Бұл оңай шешім болған жоқ, бірақ дәл қазір ең дұрыс қадам деп санаймын. Бұл соңғы мүмкіндігім емес, керісінше – менің саяси мансабымның бастамасы», – деп жазды спортшы.

Еске сала кетейік, Ирландиядағы президенттік сайлау 2025 жылдың 11 қарашасында өтеді. Ал 4 қыркүйекте Макгрегор бұл додаға ресми түрде қатысатынын мәлімдеген еді.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары