НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір – Sputnik. "Темір" Майк Тайсон Дүниежүзілік бокс супер сериясының (WBSS) виртуалды турнирінде Мұхаммед Әлиді жеңуіне қатысты пікір білдірді.
Айта кетейік, компьютер сайысының финалында Майктың кейіпкері Әлиді төрешілер шешімімен ұтты.
"Бұл ақиқат емес екенін білемін. Мен қиял-ғажайып турнирде жеңіске жетсем де, нағыз шайқаста оны жеңе алмас едім. Әли – барлық уақыттағы ең ұлы боксшы", - деді Тайсон Yahoo Sports-қа берген сұхбатында.