Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Мәйітті қайта қазып алдық»: Сарапшы Айзат Жұманова ісі туралы сұмдық жайттың бетін ашты

«Мәйітті қайта қазып алдық»: Сарапшы Айзат Жұманова ісі туралы сұмдық жайттың бетін ашты
Фото: Alash.kz

Талдықорғанда 32 жастағы Айзат Жұманованың өліміне қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр, деп хабарлайды kznews.kz.

Сот отырысында тәуелсіз сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров эксгумациядан кейін жүргізілген комиссиялық сараптаманың нәтижелерін таныстырды. Оның айтуынша, марқұмның денесіндегі барлық жарақаттар тірі кезінде салынған, ал қол-аяқтағы сүйретілу іздері өлімнен кейін пайда болған.

Сараптама барысында бірінші қабырғаның сынғаны, бет пен дененің әр бөлігінде көгерген іздер бары, сондай-ақ шүйде сүйектерінің сынып, зақымның бас сүйек негізіне дейін тарағаны анықталған. Осы жарақаттардың жиынтығы ауыр бас-ми жарақатына әкеліп, өлімге себеп болған.

Сарапшы өлімнің тікелей себебі ретінде бет тұсына бірнеше мәрте қатты соққы салыну салдарынан болған ауыр бас-ми жарақатын атады. Бұл зақымдар жұдырықпен немесе аяқпен ұру нәтижесінде туындауы мүмкін екенін айтты.

Соттағы сұрақтарға жауап берген Тахир Халимназаров барлық жарақаттардың қысқа уақыт ішінде салынғанын және марқұмның жүкті болғаны туралы ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.