KZNews.kz
Шоу-бизнес

«Махаббатымыз ұзаққа бармады»: Мереке Қалбаева отбасылық жағдайын ашық айтты

Ayzhan Sylanova

Ол журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында жұбайы Арсеннен бөлек тұрып жатқанын растады.

Мерекенің айтуынша, некелерінің басында Арсенге қатты ғашық болған.

«Алғашында ол маған бөпе сияқты көрінді, бірақ уақыт өте ер азамат екенін көрсетті. Өз болмысымен баурап алды. Дегенмен менің асығыстығым оны шаршатты, ал оның сабырлығы мені жалықтырды», – деді ол.

Көпшіліктің «ажырасып кеттіңдер ме?» деген сауалына да Қалбаева жауап берді:

«Әзірге ренжісіп, бөлек тұрып жатырмыз. Мүмкін, бұл менің тәкаппарлығымнан да болар. Айтқаным дәл сол сәтте орындалуы керек деп ойлаймын», – деп ағынан жарылды.

Осылайша, соңғы уақытта ел арасында қызу талқыланып жүрген «Мереке Қалбаева ажырасты ма?» деген сұраққа өнер иесі өзі жауап берді.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары