Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Магнитогорскіде қаза тапқан 38 адамның 22-сін туыстары таныды

Магнитогорскіде қаза тапқан 38 адамның 22-сін туыстары таныды

Магнитогорскіде апат болған көпқабатты үйдің үйінділері астынан 3 қаңтар күні 38-адамның мәйіті табылды. Ресей төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, енді үйінді астында қалды делінген үш адамның тірі я өлі екені белгісіз болып отыр.

Туыстары 22 адамның кім екенін таныды. Алты баланың үшеуі, оның ішінде екі жастағы екі қызды туыстары танып отыр.

Төтенше жағдайлар министрлігі үйінділерді аршып, астында қалып қойған адамдарды іздеу жұмыстары төрт ауысыммен жүргізіліп жатқанын айтады.

31 желтоқсанда Магнитогорск қаласындағы он қабатты үйде газ жарылып, бір подъезд қираған. Үйсіз қалғандар қаладағы мектептердің спорт залдарында паналап жатыр. Тергеу комитеті оқиғаны "теракт емес" деп хабарлады. Минитсрлік ақпаратына қарағанда, апаттан 35 пәтер толық, 10 пәтер жартылай қираған.

Ресей президенті Владимир Путин апат болған күні Магнитогорск қаласына шұғыл жетіп, оқиғаға байланысты төтенше жағдай мамандарымен жиын өткізген. Газ жарылған үйге, қалалық ауруханаға барған.

2 қаңтар Челябинск облысында қаралы күн деп жарияланды. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинге жеделхат жолдап, көңіл айтты.

Дереккөз: Азаттық
Автор
Мадияр