«Судья болуды армандады»: Көкшетауда сот қызметкері жұмбақ жағдайда қайтыс болды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Маған пәк қыз керек»: Астанада 12 жастағы қызбен кездесуге келген екі ер адам әшкереленді

«Маған пәк қыз керек»: Астанада 12 жастағы қызбен кездесуге келген екі ер адам әшкереленді
Фото: Видеодан скрин алынды

Астанада «Жаңа адамдар» қозғалысының белсенділері кәмелетке толмаған қызбен кездесуге келген екі ер адамды әшкерелегенін мәлімдеді. Олардың біреуі пәк қыз іздегенін ұялмай айтқан.

Жиналған материалдар құқық қорғау органдарына тапсырылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Белсенділер «124» азаматтық науқаны аясында әлеуметтік желіде 12 жастағы қыздың атынан парақша ашқан. Қозғалыс өкілдерінің айтуынша, көп ұзамай аккаунтқа ондаған ересек ер адам хат жаза бастаған. Олардың арасындағы екі қолданушы виртуалды әңгімемен шектелмей, қызбен кездесуге әрекет жасаған.

Белсенділердің мәліметінше, алғашқы ер адам – 29 жастағы, екі баланың әкесі Бахтияр Габбасов. Ол өзін 12 жастағы қыз ретінде таныстырған аккаунтқа порнографиялық сипаттағы материалдар мен интимдік фотосуреттер жіберген. Кейін қыздың үйіне баруға келіскен.

Алайда көрсетілген мекенжайда оны белсенділер күтіп алған. Олар ер адамға хат алмасу скриншоттары мен өзге де жиналған материалдарды көрсеткен.

Екінші ер адам – 32 жастағы Асан Шарипов. Қозғалыс өкілдерінің сөзінше, ол да 12 жастағы қызбен кездесу үшін тұрғын үй кешеніне келген. Белсенділермен кездескен кезде ер адам қызды «тәрбиелеу үшін келгенін» және оның есейгенін күтпек болғанын айтқан.

– Маған пәк қыз керек, – деген ол белсенділерге берген жауабында.

Екі жағдай да аудан тұрғындарының қатысуымен өткен. Белсенділердің мәліметінше, хат алмасу жазбалары, скриншоттар және басқа да материалдар тексеру жүргізу үшін құқық қорғау органдарына жолданған.

«Жаңа адамдар» қозғалысының өкілі Қуаныш Алмат жекелеген адамдарды анықтау мәселені түбегейлі шешпейтінін атап өтті.

– Бір, екі, тіпті жүз әлеуетті педофилді анықтау – мәселенің толық шешімі емес. Ең бастысы – қоғамның санасы мен қарым-қатынасын өзгерту. Қауіпті белгілерді дер кезінде байқап, әр баланың өзін қауіпсіз сезінуіне жағдай жасауымыз керек. Балалармен сенімді қарым-қатынас орнатып, оларға жеке шекараның не екенін түсіндіру маңызды. Бұл – бәрімізге ортақ жауапкершілік, – деді ол.

«124» азаматтық науқаны өкілдерінің айтуынша, жоба аясында кейінгі бір жылда Қазақстанның әр өңірінен ондаған әлеуетті педофил анықталған. Айта кетейік, аталған адамдардың кінәсін тек сот анықтайды. Құқық қорғау органдарының ресми ұстанымы әзірге жарияланған жоқ.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.