Әнші Меруерт Түсіпбаева Аша Матайға қатысты пікірін білдірді. Ол бұл туралы Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды kznews.kz.
«Амандассам, Аша маған көзін алайтып бір қарап, мен отырған дастарханға жайғасты. Негізі, бұл – мәдениетсіздік қой, сәлемді алмау. Әсіресе үлкен ортада», – деп жазды ол.
Сондай-ақ Меруерт Түсіпбаева Аша Матайдың депутаттыққа үміткер болғанына тоқталып, оның қоғамдық мәселелерге қатысты белсенділігін сынға алды.
«Желіде бір әлеуметтік мәселе көтермеген Аша, сені депутат қылып халқым сайлайды деп дәметіп пе едің? Наивно полагать. Шутишь?» – деді әнші.
Түсіпбаева жазбасында әдеп пен үлкенге құрмет көрсету қажеттігін де атап өтті.
«Этикет бойынша жасы үлкен сәлем береді, жасы кіші ілтипатпен қабыл алады», – деп түйіндеді ол.