KZNEWS.KZ
Қоғам

"Маған әрдайым сенетін": Аида Қауменованың әкесі өмірден озды

• Айгерім Асылова
Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық дизайнер, Aida KaumeNOVA сән үйінің негізін қалаушы Аида Қауменованың әкесі Мұрат Қауменов бақилық болды, деп хабарлайды kznews.kz

Ол әкесімен бірге түскен бейнежазбасын жариялап, оның үнемі қолдау көрсетіп, өзіне сенім артқанын еске алды.

“Әкем Мұрат Қауменов өмірден өтті. Ол маған әрдайым сенетін. “Қызым, мен өзім әкесіз өстім. Сондықтан сендердің жандарыңнан табылып, үнемі қамқор боламын” деп айтатын”, – деп жазды дизайнер.

Дизайнердің шығармашылық жолды таңдауына да әкесі ықпал еткен. Оған Алматы технологиялық университетінде дизайнер-модельер мамандығы бойынша білім алуға кеңес берген.

Суыт хабардан кейін өнер өкілдері мен желі қолданушылары дизайнерге көңіл айтты. Олардың арасында Толқын Забирова, Гүлнұр Оразымбетова, Жания Джуринская, Динара Сәтжан, Тамара Асар және Құралай Нұрқаділова бар.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →