Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Мадридтік "Реал" клубының бас бапкері Хаби Алонсо қызметінен кетті

Мадридтік "Реал" клубының бас бапкері Хаби Алонсо қызметінен кетті
Хаби Алонсо. ©Depositphotos/Musiu0

Испания Суперкубогындағы сәтсіздіктен кейін мадридтік "Реалдың" бас бапкері Хаби Алонсо өз орнын босатты, деп хабарлайды kznews.kz.

11 қаңтар күні Испания Суперкубогының финалында "Барселона" мен "Реал" чемпиондық атақты сарапқа салды.

Тартысқа толы матчта корольдік клуб "Барселонаға" 2:3 есебімен жол берді.

Осы нәтижеден кейін клуб басшылығы бапкерлік құрамда өзгеріс жасау туралы шешім қабылдап, Хаби Алонсоның орнына жаңа бас бапкер ретінде 42 жастағы Альваро Арбелоаны тағайындады.

Хаби Алонсо "корольдік клубтың" тізгінін өткен жазда қолға алып, тәжірибелі Карло Анчелоттидің орнын басқан. Алайда маусым бойындағы тұрақсыз ойын мен сәтсіз нәтижелер жанкүйерлердің бапкерге деген наразылығын тудырды.

“Барселона” Испания Суперкубогын 16-рет жеңіп алды

Негізі бұған дейін де бірқатар БАҚ Хаби Алонсоның “Реалдағы” тізгінін босатуы мүмкін екенін жазған еді.

Енді міне белгілі болғандай Хаби Алонсо мен басшылық ортақ шешіммен келісімшартты тоқтатты.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.