Оның айтуынша, марқұмның өліміне байланысты жүргізілген алғашқы сараптаманың нәтижесі күмән тудырған. Осыған байланысты оқиғаның нақты мән-жайын анықтау мақсатында мәйітті қайта қазып алып, қосымша сараптама жүргізу туралы шешім қабылданған.
Жан Ахмадиев Мадинаның қайта жерленгенін айтып, бұл жағдайдың жақындары үшін ауыр болғанын жеткізді.
"Бүгін Мадинаны екінші рет жер қойнына тапсырдық… Алғашқы сараптамаға күмән туғандықтан, ақиқатқа жету үшін эксгумация жасауға мәжбүр болдық. Енді Алматының сарапшылары әділ әрі объективті қорытынды шығарады деп сенеміз.
Мадина, жатқан жерің жайлы болсын, қарындасым! Біз шындық ашылғанша тоқтамаймыз", – деп жазды Жан Ахмадиев.
Қоғам белсендісі алғашқы сараптаманың қорытындысына күмән келтіріп, Алматыдағы мамандардың тексеруі оқиғаның шынайы мән-жайын анықтауға көмектеседі деген үмітін білдірген.
Сондай-ақ ол әділдікке қол жеткізу жолындағы әрекеттерін жалғастыратынын мәлімдеді.
"Ақиқатты жерге көму мүмкін емес", – деп жазды Жан Ахмадиев.