KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

Мадина Сәдуақасованың Наурызға арналған ашық образы елге жақпай қалды

• Айжан Сыланова
Фото: instagram.com/sadvakasovamadina

Мадина Сәдуақасова көктемге арналған жаңа образын ұсынып, фотосессия нәтижесін әлеуметтік желіде жариялады. Алайда бұл бейне көпшілік арасында түрлі пікір тудырды, деп хабарлайды kznews.kz.

Әншінің айтуынша, образды дайындаған стилист пен фотограф оны заманауи әрі тартымды деп бағалаған. Бірақ суреттер жарияланбай тұрып-ақ, кейбір таныстары бұл бейнені жұртқа көрсетпеуге кеңес берген, себебі оны даулы деп санаған.

Мадина Сәдуақасова өз киімін ұлттық элементтері бар кешкі стиль ретінде сипаттады. Соған қарамастан, ол фотосессияны оқырмандарына ұсынуды жөн көрген.

Желіде бірқатар қолданушылар әншінің батылдығын қолдаса, енді біреулері бұл образды дәстүрлі Наурызмерекесінің стиліне сай келмейді деп сынға алды.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →