Freedom Finance-тың бұрынғы топ-менеджері ҚазТАГ-тан жеңіліп қалды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Мәдина Сәдуақасова ән айтып жатқанда «соққы» алды

Мәдина Сәдуақасова ән айтып жатқанда «соққы» алды

Өнер иесі бұл жағдайға еш ренжімей, күлімсіреп жауап берді

Жақында әнші Мәдина Сәдуақасова ән айтып жатқанда күтпеген оқиға болды, деп хабарлайды Kznews.kz

Әнші көрермендер мен камералардың алдында өнер көрсетіп жатқанда оператор краны оның басына тиіп кеткен. Бірақ өперпаз сасқан жоқ, әнді бұзбастан әрі қарай жалғастырды.

Видеодан Мәдинаның бұл жағдайға еш ренжімей, күлімсіреп жауап бергенін көруге болады. Көрермендер өнерпаздың кәсіби шеберлігіне тәнті болды.

Еске сала кетейік, Мәдина Сәдуақасова кәсіпкер Тұрсын Алагөзов пен продюсер Баян Алагөзованың қыздарының тұсаукесер тойында бағалы сыйлық ұтып алған болатын.

«Кішкентай Алиса мен Алманың алғашқы үлкен тойы ертегідегідей, өте әдемі сценариймен өтті. Мен бір конкурсқа қатысып, IPhone 16 Pro Max ұтып алдым! Тойда тілекті тек Баян мен Тұрсын айтты, әлемдегі ең бақытты ата-ана екенін атап өтіп, бір-біріне сезімін жеткізді. Келесі жылы 10 жылдықтары екен, енді бәріміз бұйырса Тұрсын мен Баяшаның үйлену тойын көреміз. Лайым солай болсын!», - деп жазды әнші желідегі парақшасында.

 
Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.