Суы азайған Сыр, мұнайы сарқылған Құмкөл: Қызылорданың келешегі неде?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Мәдина Сәдуақасованың Бейжіңдегі өнері желіде сынға ұшырады

Мәдина Сәдуақасованың Бейжіңдегі өнері желіде сынға ұшырады
Фото: stan.kz

Бейжің сахнасында Мәдина Сәдуақасова халыққа кеңінен танымал «Куә бол» әнін орындады. Әнші өз әсерімен әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, мұндай деңгейдегі кеште өнер көрсету және ұлы композитордың туындысын шырқау өзі үшін үлкен мәртебе әрі бақыт екенін жеткізді. Сахнаға ол ерекше дизайнмен тігілген, көз тартарлық ақ түсті көйлекпен шықты.

Танымал отандық әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мәдина Сәдуақасова Қытай астанасы Бейжің (Пекин) қаласында өткен мәдени іс-шарада өнер көрсетіп, желі қолданушылары арасында үлкен резонанс тудырды. Бұл сапар атақты қазақ композиторы Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған «Нұрғиса-Әлқисса» атты шығармашылық кеш аясында ұйымдастырылған болатын, деп хабарлайды kznews.kz.

Әншінің өнер көрсеткен видеосы әлеуметтік желілерде таралғаннан кейін, тыңдармандар тарапынан екіұдай пікірлер толастамады:

Орындау мәнеріне қатысты сын: Көпшілік қауым бұл әнді Қазақстанның примадоннасы Роза Рымбаеваның классикалық орындауымен салыстырды. Сыншылардың пікірінше, Мәдинаның нұсқасы «тым жасанды» шыққан және әннің шынайы тереңдігі мен драматизмін жеткізе алмаған. Кейбір пікір қалдырушылар «әнді бұзып айтты» деп реніштерін ашық білдірді.

Образына деген қошемет: Сонымен қатар, әншінің сахналық мәдениетін, сырт келбеті мен таңдаған көйлегін жоғары бағалағандар да аз болмады. Қолдаушылар оның шетелде қазақ мәдениетін танытып жүргенін алға тартып, жылы лебіздерін білдірді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.