Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Мәди Хасенов | өмірбаяны

Мәди Хасенов |  өмірбаяны

Мәди Хасенов 1938 жылы 1 желтоқсанда Көкшетау облысының Зеренді ауданында, Қошқарбай ауылында туған. 

1954 жылы Көкшетау қаласындағы педагогикалық училищені тамамдаған. Зеренді ауданындағы «Үлгілі» бастауыш мектебінде бір жыл мұғалім болып істеген. 1955–1961 жж. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде оқыды. 1961 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде әдеби қызметкер, кейін «Тың өлкесі», одан соң «Коммунизм нұры» газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болды. Бірнеше әңгіме, очерк, повесть, романдардың авторы.

«Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін», «Еңбектегі ерлігі үшін» медальдарымен марапатталған, «Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» атағының иегері.

Шығармалары: Алғашқы ән. Әңгімелер. А., «Жазушы», 1969; Тұлпардың дүбірі. Повесть. А., «Жазушы», 1971; Нартәуекел. Роман. А., «Жазушы», 1975; Берлинді алған батырлар. Очерк, әңгімелер. А., «Жалын», 1977; Қайсар. Повесть. А., «Жалын», 1979; Тың тарландары. Очерктер. А., «Қазақстан», 1981; Қайнар бұлақ. Деректі әңгімелер. А., «Жалын», 1983.

Автор
Санжар