Атырау облысында жоғалған бауырлардың мәйіті табылды: күдікті – Сұлтан Сарсемалиев
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Лукашенко туу көрсеткішінің төмендеуіне алаңдап, өзбектерді шақырды

Лукашенко туу көрсеткішінің төмендеуіне алаңдап, өзбектерді шақырды
ашық дереккөзден

Беларусь президенті Александр Лукашенко елдегі демографиялық жағдайға алаңдаушылық білдіріп, Өзбекстан азаматтарын жұмыс істеуге шақырды, деп хабарлайды kznews.kz.

Мәліметке сәйкес, Лукашенко Өзбекстан елшісімен кездесуі барысында Беларусь шетелден келетін еңбек мигранттарын қабылдауға дайын екенін айтты. Оның сөзінше, елдегі халық санының өсу қарқыны Өзбекстандағыдай жоғары емес.

Беларусь басшысы елде жұмыс істеп, тұрақты өмір сүргісі келетін адамдарға мүмкіндік беруге әзір екенін жеткізді. Әсіресе, отбасымен бірге келетін жұмысшыларға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.

Лукашенконың айтуынша, Беларуське келген азаматтардың балалары балабақша мен мектепке бару, білім алу мәселесінде жергілікті тұрғындармен бірдей құқыққа ие болады.

Соңғы жылдары Беларусь билігі елдегі кадр тапшылығын еңбек мигранттары арқылы шешуге тырысып келеді. Бұған дейін Лукашенко Пәкістаннан ондаған мың жұмысшы тарту жоспары туралы да айтқан болатын. Алайда бұл бастама толық жүзеге аспай, елге келген еңбек мигранттарының саны аз болған.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер