Жолы болмағандар! – Трамп АҚШ медиасын сынап тастады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

LRT екі-үш апта ішінде іске қосылуы мүмкін

LRT екі-үш апта ішінде іске қосылуы мүмкін
Фото: ашық дереккөзден

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Ақорда кулуарында LRT-ны іске қосу келесі апталарға жоспарланып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Біз барлық сынақтан сәтті өттік. Қазір барлығы 18 пойыз қатынап тұр. Аралығы аз –  шамамен үш жарым минут. Жылдамдығы жоғары, бір нүктеден екінші нүктеге жету кез келген басқа көлік түріне қарағанда екі есе жылдам. Қолайлы. Заманауи жүргізушісіз пойыздар. Енді станциялар айналасын абаттандыруға қатысты жұмыстар қалды. Олар жүргізіледі. Біз барынша барлық 15 станцияға жаяу қатынауды қамтамасыз етуге тырысамыз, тіпті тұрғын үйлер әлі салынып жатқан жерлерде де. Жалпы, жаздың соңына дейін асфальттау жұмыстары жүргізіледі. Abu Dhabi Plaza, «Астана Арена», Mega, әуежай, жаңа теміржол вокзалы сияқты негізгі станциялардың барлығы дайын, – деді әкім.

Сондай-ақ Жеңіс Қасымбек LRT-ның қыс мезгіліндегі жұмысына қатысты алаңдаушылықтарға да пікір білдірді. Оның айтуынша, биыл қар тазалайтын техника қолданылған жоқ, себебі ол енді ғана жеткізіліп жатыр. Алайда келесі қыс маусымына қарай толық дайын болады. Әкім келесі жылы рельстерді қар баспайтынын атап өтті.

Жаңбыр суын ағызу жүйесі қосылған және қазіргі уақытта жұмысқа толық дайын. 

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.