"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ломаченконың WBO чемпионымен жекпе-жегі Қазақстанда тікелей эфирде көрсетіледі

Ломаченконың WBO чемпионымен жекпе-жегі Қазақстанда тікелей эфирде көрсетіледі
Жеңіл салмақта WBA (Super) чемпионы украиналық Василий Ломаченко (11-1, 9 КО) мен WBO чемпионы пуэрторикалық Хосе Педраса (25-1, 12 КО) арасындағы жекпе-жек Қазақстанда тікелей эфирден көрсетіледі, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл жекпе-жек 8 желтоқсан Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасының Hulu Theater кіші залында өтетін бокс кешінің басты оқиғасы болады. Астана уақытымен кездесу келесі күні таңғысын басталады. 

Қазақстанда Ломаченко - Педраса жекпе-жегі "Хабар" арансынан көрестіледі, басталуы 08:00.

 WBA (Super) белбеуін 30 жастағы Ломаченко 12 мамыр, үшінші раундта венесуэлалық Хорхе Линаресті (45-4, 28 КО) нокаутқа түсіріп, ие болған. Осы жекпе-жекте украиналық алғаш рет нокдаунға түсті. 

Айта кетейік, Ломаченко және Педраса үшін де бұл кездесу карьерасындағы белбеу біріктіретін алғашқы жекпе-жек.

Автор
Арман