"Шетел агенті": депутат сырттан қаржыландыру тетігін қайта қарауды ұсынды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Лобода тазылармен фотосессия жасап, бұл тұқымды өзіне ұқсатты

Лобода тазылармен фотосессия жасап, бұл тұқымды өзіне ұқсатты
Фото: іnstagram.com/lobodaofficial

Украиналық әнші Светлана Лобода ерекше фотосессия жасады. Ол қазақтың ұлттық құндылықтарының бірі саналатын тазы иттерімен суретке түсіп, желі қолданушыларының назарын аударды, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесі кадрларды әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.  Әнші жазбасында адамның өзіне ұқсайтын ит тұқымын таңдайтыны туралы айтып, тазыны өзіне жақын көретінін жеткізді.

“Адам өзіне ұқсайтын итті таңдайды дейді. Мен өз тұқымымды тапқан сияқтымын, ол – тазы. Ұқсаймыз ба?” – деп жазды Лобода.

Лободаның бұл фотосессиясы қазақстандық жанкүйерлердің ерекше ықыласына бөленді. Желі қолданушылары әншінің сымбаты мен тазының тектілігі үйлесім тапқанын жазып жатыр. Пікір қалдырғандардың арасында қазақстандық әнші Қайрат Нұртас та бар. 

“Қандай керемет”, “Нағыз сұлулық”, “Тазы қандай сүйкімді”, “Біздің мақтанышымыз”, “Сіз сондай сымбаттысыз”, “Болды, сіз енді біздікісіз, қазақтар сізбен бірге”, “Олар өз иесін тапқан сияқты”, “Голливуд сериалының басты кейіпкеріне ұқсайсыз”, – деп жазды оқырмандар.

Айта кетейік, тазы – қазақ халқының ежелден келе жатқан аңшылық ит тұқымы. Ол Қазақстанның тарихи мұрасы әрі ұлттық мақтанышы саналады. Биылдан бастап елімізде Қазақ тазысы мен төбет күні ресми түрде аталып өтеді.

Еске салайық, бұған дейін Қайрат Нұртас пен Светлана Лободаның бейнебаяны жарық көрген еді. Клип футуристік стилімен және креативті шешімімен тыңдарманның қызу талқысына түсті.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.