«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Лионель Мессидің әкесі қайтыс болды – шетелдік БАҚ

Лионель Мессидің әкесі қайтыс болды – шетелдік БАҚ
ашық дереккөзден

Аргентиналық футболшы Лионель Мессидің әкесі әрі ұзақ жылдар бойы агенті болған Хорхе Месси 68 жасында өмірден өтті. Бұл туралы Аргентинадағы бірқатар БАҚ хабарлады, деп жазады kznews.kz.

Infobae басылымының мәліметінше, Хорхе Месси ұзақ уақыт бойы сырқаттанып, ем қабылдаған. Алайда оның нақты қандай аурумен ауырғаны туралы ақпарат жарияланған жоқ.

Басылымдар бұған дейін Лионель Мессидің әкесінің денсаулығына қатысты мәселелер болғанын жазған. Әлем чемпионатындағы Алжирге қарсы матчтан кейін футболшының ерекше эмоция танытып, көзіне жас алғаны да осы отбасылық жағдаймен байланыстырылған.

Кейін Месси өзінің сол сәттегі көңіл күйі спорттық нәтижеге емес, өміріндегі ауыр кезеңге қатысты болғанын айтқан.

РБК мәліметінше, Хорхе Месси Аргентинаның Росарио қаласындағы ауруханада қайтыс болған. Оның өлімінің нақты себебі әзірге жарияланған жоқ.

Хорхе Месси ұлының кәсіби мансабында маңызды рөл атқарды. Ол Лионель Мессидің агенті ретінде көптеген жыл бойы футболшының келісімшарттары мен кәсіби мәселелерімен айналысқан.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер