Алматылық альпинистер Альпідегі «Өлім қабырғасын» бағындырды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Леопард үш жасар баланың басын жұлып алды

Леопард үш жасар баланың басын жұлып алды

Үндістанда леопард тұрғын үйге шабуылдап, үш жастағы баланы өлтіріп, орманға сүйреп әкеткен.

Қайғылы оқиға Үндістанның солтүстігіндегі Джамму және Кашмир штатында болған. Жыртқыш шабуыл жасаған кезде үш жастағы Васим Акрам ас үйде анасымен бірге болған. Леопард анасының көзінше баланы сүйреп алып кеткен. Артынша баланың бассыз мәйіті табылған.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, соңғы екі айда осымен үшінші рет аңдар адамдарға шабуылдаған. Жуырда ғана осы ауданның сегіз жасар баласы құрбан болған. Ресми деректерге сүйенсек, Үндістанды мекендейтін леопардтардың саны қазір 12-14 мың аралығында.

Автор
Бауыржан