KZNEWS.KZ
Әлем

Le Monde: АҚШ пен Иран арасындағы жаңа дипломатиялық кезең басталды

Фото: Ulysmedia.kz

Бүгін Вашингтон мен Тегеран арасында 60 күндік келіссөздер процесі ресми түрде басталған.

Бұл жайында Францияның Le Monde басылымы АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнске сілтеме жасап хабарлайды.

- Екі ел арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумда көрсетілгендей, келіссөздер мерзімі бүгіннен бастап есептеледі. Бұл үдеріс тек АҚШ пен Иранды ғана емес, сондай-ақ Оман, Парсы шығанағы елдері мен халықаралық коалицияны да қамтиды, - дейді басылымға берген пікірінде Вэнс.

Оның айтуынша, тараптар болашақта бұғаздар арқылы өтетін теңіз тасымалдарының тұрақтылығын қамтамасыз ететін ортақ жүйе әзірлеуі тиіс.

- Бұл төлем енгізу жүйесі емес. Мәселе әлемдік экономиканы тұралататын тар өткелдердің енді ешқашан геосаяси қысым құралына айналмауын қамтамасыз ету, - деді Джей Ди Вэнс.

Сондай-ақ, келісім жобасы аясында аймақтағы қауіпсіздік архитектурасын қалыптастыруға Иран, Оман және Парсы шығанағы елдері де тартылып отыр. Келіссөздер негізгі теңіз логистикасына әсер ететін аймақтық тәуекелдерді азайтуға бағытталған.

Қалмаханбет Мұқаметқали
Журналист-экономист. Журналистика саласында 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.
Автордың басқа материалдары →