Судың сұрауы: Алматыда тариф өседі
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қызылордадағы жол апаты: баласынан айырылған әйелдің кемі он жері сынған - ол әлі ауыр хәлде

Қызылордадағы жол апаты: баласынан айырылған әйелдің кемі он жері сынған - ол әлі ауыр хәлде
Фото: ашық дереккөз

Қызылордада көлік қағып кетіп, бес айлық баласынан айырылған әйел әлі де ауыр хәлде жатыр.

Бұл туралы Қызылорда облысының Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.

Ведомствоның мәліметінше, 26 жастағы науқас оқиға болған күні сағат 18:00-де көпбейінді облыстық ауруханаға түскен.

«Науқасқа келесідей диагоноз қойылды: политравма. Ауыр ашық бас ми жарақаты, бас миының орташа дәрежелі соғылуы. Сол жақты шүйде сүйегінің бас ми негізіне жалғасқан сызықтық сынығы. Сол жақты ми гемисферасының субдуральді «плащ» тәрізді гематомасы, субарахноидальді қан құйылу. Маңдай аймағының соғылған жарақаты, сол жақты шүйде аймағының теріасты гематомасы,» –  деп хабарлады басқарма.

Сонымен қатар науқастың  сол жақтағы III, IV, V қабырғалары, бұғана, қасаға, шонданай сүйектері, сегізкөз-мықын буыны, сол жақ ұршық ойығының жиегі мен екі тобығы сынған. Өкпесі соғылып, жарақаттық шоктың III дәрежесі тіркелген.

Қазір әйелдің жағдайы тұрақты ауыр күйде қалып отыр. Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, науқастың есі бар, өздігінен тыныс алады, гемодинамикалық көрсеткіштері тұрақты. Дегенмен энцефалопатия белгілері сақталған.

Басқарманың жауабында науқасқа барлық қажетті медициналық көмек пен интенсивті ем көрсетіліп жатқаны жазылған.

Ал бес айлық сәби көпбейінді қалалық ауруханаға сағат 17:33-те түсіп, дәрігерлер шұғыл түрде емдеу бастаған. Алайда, ауыр жарақаттардың салдарынан 13 қазан сағат 19:05-те биологиялық өлім тіркелген.

Еске салайық, бұған дейін Қызылордадағы осы жол апатына байланысты кінәлі жүргізушіні анықтауға көмектескен адамға 500 мың теңге сыйақы берілетінін хабарлаған едік.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.