KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Қызылордададағы жантүршігерлік жол апаты: Күдіктіге қатысты тың дерек шықты

• Қайсар Қанат
Фото-коллаж: Alash.kz

Қызылорда қалалық полиция басқармасының мәліметінше, 2000 жылғы 1 шілдеде дүниеге келген Алексей Александрович Великов іздестіріліп жатыр.

Ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша, яғни жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соққан әрекетке күдікті.

Күдікті тергеуден бой тасалап жүр. Оған қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы белгіленген.

Қайғылы жол апаты 13 қазанда болған

Еске салайық, оқиға 13 қазанда сағат 17:00 шамасында Қызылорда қаласындағы Құлтекенов көшесінде болған.

Жол апаты салдарынан бес айлық сәби қаза тапқан еді. Аталған қайғылы жағдай қоғам назарын аударды.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары күдіктінің жүрген жерін анықтау мақсатында іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

Полиция Алексей Великовтің қайда жүргені туралы қандай да бір мәліметі бар азаматтарды Қызылорда қалалық полиция басқармасына хабарласуға шақырды.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →