Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірімнің денсаулығы күрт нашарлап, ол ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер медициналық көмек көрсеткенімен, қыз жансақтау бөлімінде есін жимастан қайтыс болды.
Ата-анасы шағым түсірген
Қызылорда облыстық көпбейінді балалар ауруханасының басшылығы жасөспірімнің өліміне қатысты тиісті тексеру жүріп жатқанын хабарлады.
"Баланың ата-анасы Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне шағым түсірді. Қазіргі уақытта болған жағдайдың мән-жайын зерделеу және тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр", – деп мәлімдеді медициналық мекеме өкілдері.
Әзірге қыздың нақты неден қайтыс болғаны туралы ресми қорытынды жарияланған жоқ.
Тексеру нәтижелері кейінірек хабарланатыны айтылды.